Сыр өңірінде соңғы 6 жылда мұнай өндірісі екі есе азайып кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыр өңірінде соңғы 6 жылда мұнай өндірісі екі есе азайып кеткен

22.02.2019

Мамандар «ол ескі ұңғымалардың ылғалдануынан»,- дейді. Себебі жер қойнауын пайдаланушылар 30 жылдан бері 1,5-2 шақырым тереңдікті ғана бұрғылап келеді. Бірақ одан да тереңге бойлауға мүмкіндік бар. Қазір жаңа кен орындарын анықтау үшін арнайы бағдарлама әзірленді. Енді 62 ұңғыманы 3,5 мың шақырым тереңдіктен бұрғылау жоспарланып отыр.

Ринат Сұлтангереев, облыстық Индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы:

- Қазір біздің мұнай компаниялары 1,5-2 мың метр терендікте ғана мұнайды бұрғылап жатыр. Ол терендіктегі мұнай көлемі азаюына байланысты біздің жоспарымызға сәйкес өз есебінен 3,5 метр терендікте ұғымаларын бұрғылау жоспарға қойып отырмыз.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу