Жастар мәселесі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастар мәселесі талқыланды

22.02.2019

Саны бар, сапасы жоқ жастар ұйымдарының мәселесі Өскеменде де талқыланды. Облыста 130-дан астам қоғамдық қор мен ұйым бар. Бірақ соның 30-ы ғана нақты жұмыс істейді. «Олардың да белсенділігі тікелей ақшамен өлшенетіні өкінішті», дейді жиынға қатысушылар. Кездесуде мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдасын іске асыру барысы айтылды. Білім беру, жұмыспен қамту, бизнес бастамаларына қолдау көрсету бағытында атқарылып жатқан шаруалар сараланды.

Маржан Бақытқызы, «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалының төрағасы:

- Қаржы болмаса, олар «сен тимесең, мен тимеймін» деген ұстанымда отырады. Бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Барлық мемлекеттік емес жастар ұйымдары, қандай жағдай болмасын, ел, қоғам мүддесін қорғауға бағытталған жұмыстар жасау керек. Ол тек қана қаржыға тірелмеу керек деп ойлаймын.

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу