Теміртаудағы екі жылу электр орталығы күрделі жөндеуден өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміртаудағы екі жылу электр орталығы күрделі жөндеуден өтеді

21.02.2019

Жаңадан 7-ші қазандық салынады. Осылайша құрышты қаланың жылу мәселесі біржола шешілмек.

Мамандардың айтуынша, 40 жыл бұрын іске қосылған бұл орталықтар бүгінгі күнге дейін бірде-бір рет күрделі жөнделмеген. Тек әр жылу маусымында 6 қазандыққа ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізумен ғана шектеліп келген. Алайда, әбден тозығы жеткен құрылғылар жыл сайын істен шығып, тұрғындарды әбігерге салуда. Енді бұл бейнеттен құтылатын күн алыс емес. Жоба 4 айда дайын болады. Тамыз айында құрылыс жұмыстары басталмақ. Ал, 2021 жылы жаңа қазандықты сынақтан өткізу көзделіп отыр.

Парамжит Калон, компанияның бас директоры:

- Жаңа қазандық келешекте орталық жұмысын жақсартып, тұрғындарды жылумен үздіксіз қамтамасыз етеді деп сенеміз. Кейінгі үлгідегі заманауи қондырғының қуаты жоғары. Ал, қалған 6 қазандыққа наурыздан бастап қазан айына дейін жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

 Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу