Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары өңірдің бірнеше ауданындағы дүкендерді аралап, сынама ретінде 23 ойыншық сатып алған. Олардың құрамындағы метил спирті мен фенол нормадан тыс болып шықты. Оның 18-інен зиянды элементтер табылды. Бұл ойыншықтардың барлығы да Қытайда өндірілген.
Айнаш Сағындықова, Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бас маманы:
- Сатып алған ойыншықтарда табылған метил спирті мен фенол балалардың денсаулығына өте зиян. Осы ойыншықтармен ойнаған балалардың жүйке жүйесіне әсер етіп, тыныс жолдарының асқынуына әкелуі мүмкін.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.