«Біз - патриотпыз». Астана балабақшаларының бүлдіршіндері осылай деп ұрандатты.
Балаларды тәрбиелеуді тиімді жүргізу мақсатында елордадағы мектепке дейінгі мекемелер бірнеше кластер бойынша бөлініп, өзара тәжірибе алмасу негізінде жұмыс жүргізіп жатыр. №6 «Көктем» балабақшасы адамгершілік-ұлтжандылыққа тәрбиелеу бағытын таңдапты. Осындай семинарларда бүлдіршіндердің Отанға, туған жерге, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру және бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін айқындау көзделген. Жоба өз нәтижесін беріп келеді.
Алтынай Құсайынова, №6 «Көктем» балабақшасының меңгерушісі:
- Біздің семинар аясында әртүрлі күрделі жағдайларда ата-аналар мен тәрбиешілер қандай шешім қабылдауы керек деген сұрақтарға жауап беретін шеберлік сабақтары өткізілді. Сондай-ақ, әрбір балабақшадағы әріптестеріміз осы бағытта өздері қолданып жүрген тәсілдерін ортаға салды.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.