Алматылықтарға наурыздан бастап коммуналдық қызметтер бойынша жаңа үлгідегі шот түбіртектері беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылықтарға наурыздан бастап коммуналдық қызметтер бойынша жаңа үлгідегі шот түбіртектері беріледі

18.02.2019

Онда тарифтің қанша пайызға төмендегені қосымша жазылады. Мәселен, ескі мен жаңа тарифтің айырмашылығы көрсетіледі.

Мамандардың айтуынша, ақпаннан бастап түбіртектер арзандатылған тарифпен жолданып жатыр. Бірақ тарифтің қанша пайызға азайғаны жазылмағандықтан, тұрғындар тарапынан түсінбеушілік көп.

Айта кетейік, биыл Алматыда жылу бағасы - 18, газ - 16, судың тарифі 10 пайызға төмендетілген.

Бауыржан Қайырбек, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Алматы қаласы бойынша департамент басшысының орынбасары:

- Наурыз айында алатын шот түбіртегінің төменгі жағында тарифтің жаңа жылдан бастап төмендегені туралы ақпаратты жаздық. Яғни, шот түбіртегінде тарифтердің неше теңгеге, неше пайызға төмендегені туралы жазылған.

Аманкелді СЕЙІТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу