«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары кімдер? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары кімдер?

14.02.2019

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарымен кездесті. Жүзден жүйрік шыққан дүлдүлдер кім? Тізімге қарасақ, жеңімпаз 29 адамның ішінде түрлі маман иелері бар. 

Мәселен, олардың ішінде 4 спортшы болса, білім және ғылым саласына қатысы бар 6 тұлға бар. Қоғамдық жұмыста көзге түскендер саны - 2. Медицина мен мәдениет саласынан бес-бестен 10 адам жеңген. IT мамандарының саны 2 болса, кәсіпкерлерден 2 тұлға оза шапқан. Айта кетейік, арасында жалғыз журналист бар.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу