Павлодарда қарияларға арналған «Белсенді өмір» орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда қарияларға арналған «Белсенді өмір» орталығы ашылды

14.02.2019

Павлодарлық қариялар енді спортпен шұғылданып, шет тілдерін үйреніп, бимен айналыса алады. Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде «Белсенді өмір» орталығы ашылды.

Соңғы жылдары өңір тұрғындарының өмір сүру жасы 7 жылға ұзарған. Егде адамдардың дені еңсесін түсірмей, белсенді өмір бастауға әзір. Бұл жерде 10-ға жуық үйірмелер жұмыс істейтін болады. Бұл жерде кәсіп үйренуге болады. Мәселен, компьютер сыныбында аудармашыларды оқытса, Қазақстан қолөнершілер одағының жергілікті филиалы ісмерлер мен шеберлерді дайындайды.

Еркін Баяндин, еңбек ардагері:

- Психологтар бар екен. Олармен әңгімелесіп, көңіліміз жай тауып, өте жақсы жағдайда отырмыз.

Болат АМАНБАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу