Ардагерлер - патриоттық тәрбиенің қайнар көзі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ардагерлер - патриоттық тәрбиенің қайнар көзі

14.02.2019

«Жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудегі ардагерлердің рөлі». Астанада осындай атаумен ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға жоғары оқу орындарының студенттері, «Жас сарбаз» қозғалысы мен «Жас Ұлан» мектебінің оқушылары да қатысты.

Отан алдындағы борышын адал атқару үшін қан майданда қас жауына қарсы шапқан сарбаздардың келер буынға айтары көп. Олар антына адал болуға және бірлікті бектем сақтауға шақырды. Конференция барысында соғыс тұсындағы оқиғалар суреттелген фильм көрсетіліп, түрлі баяндамалар оқылды.

Нұрлан Салжанов, Ауған соғысының ардагері:

- Жастар тәрбиелеу мақсатында Ауған соғысының ардагерлерінің көмегі өте қажет болады. От көрген, соғыс көрген, еңбек жолында жүрген азаматтар жастарымыздың өсіп-дамуына пайдасы болмаса, зияны тимейді.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу