Жұртшылық коммуналдық төлемдер бағасының арзандамағанын айтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұртшылық коммуналдық төлемдер бағасының арзандамағанын айтады

13.02.2019

Жұртшылық жаңа жылдан бастап коммуналдық төлемдер бағасының арзандамағанын айтады. Жер-жерде тұрғындар тарапынан осындай уәж келтірілуде. Бұл жағдайға қатысты бүгін Астана бойынша түсінік берілді.

Яғни, қаңтар айының коммуналдық төлемдер түбіртегі енді таратылады. Онда өзгертілген баға туралы салыстырмалы ақпарат жазылады,-дейді мамандар. Жалпы тариф орташа 10%-ға арзандаған. Осылайша, бас шаһар тарифтерді төмендету арқылы бір жылда 5 млрд 900 млн теңгедей үнемдейді екен. 

Болат Танабергенов, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті департаментінің басшысы:

Ертеңнен бастап түбіртектерді Астана ЕРЦ халыққа алып келеді. Сол кезде біздер төмендетілген тарифтерді көреміз. Электр энергиясы бойынша екі жарым млрд теңгені соның ішінде үнемдеп отыр, халық пен заңды тұлғалар. 

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу