Атырау облысындағы «Теңіз» кен орнының 25 жұмысшысы кешкі астан кейін ауруханадан бір-ақ шыққан. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін 21 адам амбулаторлық ем алуға жіберілді. Қалған 4 науқас ауруханаға жатқызылып, бақылауға алынды. Алайда, дәрігерлер «олар астан ұшынбаған, тек асқазан ішек жолдары қабынған», - деп отыр. 25 жұмысшының бір мезгілде өзін жайсыз сезіну себептерін облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті тексеріп жатыр. Аталған зауыт қалашығында өткен жылы 28 адам астан уланған еді.
Гүлнафис Танбаева, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы бөлімінің басшысы:
- Тамақтан улану яғни, токсикоинфекция деп алғашқы қойылған диагноздары дәлелденген жоқ. Гастроэнтреколит диагнозымен ауруханадан шығарылуға дайындалды. Яғни, бұл дегеніміз тамақтан улану емес, алғашқы клиникалық симптомдары сәйкес келгенмен асқазан ішек жолдарының бұзылысы болып табылады.
Жандос ТЕМІРҒАЛИ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.