Павлодар облысында мамандар шартты түрде жазаға кесілген жағдайы төмен жандардың отбасыларына отын түсіріп беруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында мамандар шартты түрде жазаға кесілген жағдайы төмен жандардың отбасыларына отын түсіріп беруде

12.02.2019

Ақпанның аязды күндерінде жаураған жұртқа Павлодар облысының пробация қызметі көмектесіп жатыр. Нақтырақ айтқанда, мамандар шартты түрде жазаға кесілген жағдайы төмен жандардың отбасына отын түсіріп беруде. Мәселен, Павлодар ауданында шартты түрде жазаға кесілген 58 адам есепте тұр. Олардың 33-і тұрақты жұмыспен қамтылған. Өңірдегі пробация қызметі жазасын өтеуші азаматтардың қоғамға бейімделуіне ықпал етіп, әлеуметтік мәселелерін шешуге көмектеседі. 

Валентина Костенко, Әйтім ауылының тұрғыны:

- Осы көмектің арқасында мойнымнан біраз жүк түсті. Маған үш баланы мектепке киіндірудің өзі оңай болып отырған жоқ. Олардың тамағы бар деген сияқты. Биыл көмір ерекше қымбат болып тұр. Сондықтан, көп рахмет, енді үйіміз жылы болады. Бұрын да көмектескен еді. Алғысым шексіз.

Болат АМАНБАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу