Елордада латын қарпіне негізделген IT жобалардың тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада латын қарпіне негізделген IT жобалардың тұсаукесері өтті

11.02.2019

«Жаһандық кезеңдегі қазақ тілі». Бүгін Астанада латын графикасына бағытталған IT жобалардың тұсауы кесілді. Таныстырылымда веб-порталдар мен платформалар, мобильді қосымшалар, іздестіру жүйелері, анимациялық фильмдер мен энциклопедиялық веб-сервистер көрсетілді. Заманауи инновациялық технологиялардың барлығы – жаңа әліпбиді тез әрі тиімді меңгеруге оң ықпал етпек.

Қазақ тіліндегі көне, кірме және жаңа технологиялық сөздердің түп мағынасының барлығын осы сөздіктен табасыз. Ғаламтор кеңістігіне қосылған «Sozdikqor.kz» іздеу жүйесінде қазірдің өзінде 300 мыңнан астам сөз бар.

Рымбек Ізғали, «Sozdikqor.kz» іздеу жүйесін әзірлеуші:

- Бұл порталдың мобильдік қосымшасы бар. Іздеу жүйесі өте ыңғайлы.

Ал, «Qazlatyn.kz» ұлттық порталы пайдаланушыларға нақты латын графикасын үйретуге бағытталған. Мұнда жаңа емле ережесі, әріптердің таңбалануы мен жазылуы тіпті, дұрыс дыбысталуын да тыңдауға болады.

Латын әліпбиін жедел әрі жеңіл меңгерудің ең оңай жолы да әзірленген. Ол – ойын түріндегі 5 мобильді қосымша. Оның екеуі ересектерге, үшеуі балаларға арналған. 3D форматтағы отандық өнім тек қазақ тілінде.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу