Қостанайда өңірлік психологиялық қолдау орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда өңірлік психологиялық қолдау орталығы ашылды

08.02.2019

Өткен жылы Қостанай облысында 50 оқушы өзіне қол жұмсап, 12 жеткіншек қыршыннан қиылған. Осындай жағдайдың алдын алу мақсатында жасөспірімдерге арналған өңірлік психологиялық қолдау орталығы ашылды. Орталықта қазір 10 психолог-маман жұмыс істейді. Олар өңірдегі барлық білім ошақтарымен тығыз байланыс орнатады. Сауалнама жүргізіп балалардың психологиялық ахуалын бақылап отырады. Қажет болған жағдайда оқушыларға психологиялық қолдау көрсетеді. Ата-аналармен де жұмыс жүргізіледі.  Жобаны жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен  54 миллион теңге бөлінген.

Әсем Құлмағамбет, «Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы» бөлім басшысы:

- Мұндағы мамандар консультациялық-психологиялық көмек көрсетеді. Сонымен қатар, күрделі мәселені шешуге көмектеседі, құқықтық кеңес береді. Қазақстан бойынша жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау мәселесі көбейіп отыр. Соны азайту мақсатында жұмыстар атқарып жатырмыз.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу