Отандық өнімге сұраныс жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық өнімге сұраныс жоқ

07.02.2019

Шымкенттегі тоқыма фабрикасы шикізатын Балтық жағалауы елдеріне және Италияға арзан бағаға сатуға мәжбүр. Себебі айына 500 тонна мақта өңдеп, 1,5 млн метр мата тоқитын өнеркәсіп өніміне сұраныс жоқ. Парламент Мәжілісінің бір топ депутатына өндіріс басшысы осы және бірқатар қиындықтарын айтып берді.

Кәсіпкер тоқыма өнеркәсібін өркендету үшін электр, табиғи газ секілді қуат көздеріне жұмсалатын шығынды мемлекет тарапынан субсидиялауды ұсынды. Мұндай жеңілдік ең алдымен дайын өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, оның қолжетімді болуына ықпал етпек. Жалпы, фабрикада 600-ден астам адам еңбек етеді. Олар нарыққа көрпе мен жастық тысы, сүлгі мен жаймалар, тұрмысқа қажетті тоқыма бұйымдарын шығарып отыр.

Мансұрхан Маханбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Оның экономикаға тиімді әсері бар. Ол - жұмыс орны, ол - салық. Осындай түйіткілді мәселелерін қойып жатыр.

Ал, Қостанайда студенттермен кездескен Парламент депутаттары жатақхана мәселесін талқылады. Жастарға мемлекеттік бағдарламаларды жан-жақты түсіндіру, насихаттау жайын сөз етті. Яғни, кейінгі толқын өкілдері мемлекет ұсынған мүмкіндіктерді жетік білуі тиіс. Сонда ғана өмірден өз орнын табуына, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешуіне жол ашылады.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу