Алматы тұрғындарын таза сумен қамтамасыз етуді сандық жүйеге көшіру басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы тұрғындарын таза сумен қамтамасыз етуді сандық жүйеге көшіру басталды

07.02.2019

Алматы тұрғындарын таза сумен қамтамасыз етуді сандық жүйеге көшірудің бірінші кезеңі басталды. Ол үшін қашықтықтан ақпарат беретін 300 мың дана есептеу құрылғылары орнатылған.

Алатаудан бастау алатын Үлкен және кіші Алматы, Кімасар, Қарғалы, Ақсай сияқты өзен сулары алдымен су бөгетіне жеткізіліп тазартылады. Ал, қалаға берілетін судың 70 пайызын 500 метр тереңдіктегі ұңғымалардан шығатын жерасты суы құрайды. Жалпы, алматылықтар күніне шамамен 600 мың текше метр су тұтынады. «Дегенмен, жыл сайын қала халқының саны көбейіп келе жетқанын ескерсек, «Алматы су» мекемесіне әлі де таза су өндіру жұмыстарын жаңа деңгейге көтеру міндеті тұр», - дейді мамандар. Сондықтан сандық жүйеге негізделген заманауи құрылғыларды орнату жұмыстары жалғаса бермек.

Ақбота Жылысова, «Алматы су» мемлекеттік кәсіпорнының қоғаммен байланыс жөніндегі маманы:

- Бүгінгі таңда осы кәсіпорында автоматты жүйеге өткізу қолға алынып жатыр. Судың өндіруден бастап халыққа жеткізуге дейінгі үдерісті біз автоматты жүйеге өткіземіз.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу