Мәжіліс депутаттары өңірлерде өндіріс орындарын аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттары өңірлерде өндіріс орындарын аралады

06.02.2019

Алматы облысында қуаттылығы 25 мегаватт су электр станциясының құрылысы басталды. Кешен құны 9 млрд. теңгеден асады. Электр станциясы теңіз деңгейінен 1800 метр биіктікте Шажа өзенінің бойында орналасқан. Алматы облысына барған Мәжіліс депутаттары құрылыс нысанының жұмыс барысымен танысып, жұмысшылармен кездесті. Қазіргі таңда бұл жерде 150 адам еңбек етуде. Кешен 2020 жылдың желтоқсан айында іске қосылады. Ол кезде тұрақты 25 адам жұмысқа алынады. Болашақта тағы бір қуат өндіретін кешенді Қора өзенінің бойына салу жоспарланған.

Әбдіманап Бектұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қосымша электр жолдары болатын болса, ауылға, тұрғындарға, орта-кіші кәсіпкерлікті дамытуға да септігі тиетін болады.

Ал, Жамбыл облысына барған Мәжіліс депутаттары жұмысы тоқтап тұрған мұнай өңдеу зауыты мәселесіне ерекше зер салды. 300 адам еңбек ететін кәсіпорынға көмек беру керегін айтқан халық қалаулылары ауызсу мәселесін де айналып өтпеді. Аймақта ауызсумен тұрғындардың тек 70 пайызы қамтылған. Қалған елді мекендерге орталықтандырылған ауызсу қашан жететіні белгісіз.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу