Қарағандыда үшем дүниеге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда үшем дүниеге келді

06.02.2019

Былтыр өмірге келген сәбилер арасында бірде-бір үшем болмапты. Сондықтан, дәрігерлер жүкті әйелді жіті назарда ұстаған. Кішкене қыздар айы-күнінен ерте туғанымен, қазір жағдайлары тәуір. Ата-анасы риясыз сезімнің белгісі деп ырымдап оларды Аяла, Жібек және Сезім деп атапты. Жас босанған ана енді екі аптадан соң перзентханадан шығып, Жәйрем кентіндегі жақындарымен қауышпақ. 

Ботагөз Жәнібекова, үшемдердің анасы:

- Үйде де үш балапаным бар. Енді үш баланы өмірге әкелу екі еселенген бақыт. Үшем болған жоқ, бірақ тұқымдарымызда егіздер бар. Өзімнің әкем жағында да, анам жағында да бар.

Гүлнар Ғалиева, облыстық Перинаталдық орталық директорының орынбасары:

- Балалардың анасы жүктіліктің оныншы аптасынан бастап дәрігерге қаралды. Оның денсаулығын жіті назарда ұстадық. Себебі, сирек кездесетін жүктілік қой. Пациенттен қаназдық та байқалған. Біз алдын ала сауықтыру шараларын жасадық. Бастысы, балалар да, анасы да аман-есен.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу