Ішкі істер министрлігі өрт қауіпсіздігі айлығын қайта бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ішкі істер министрлігі өрт қауіпсіздігі айлығын қайта бастайды

05.02.2019

Бұл туралы Үкіметтің селекторлық отырысында белгілі болды. Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев алдағы күндері бірқатар өңірде қатты аяз болатынын ескеріп, әкімдіктер, өрт сөндіру және төтенше жағдайлар қызметтері қауіпсіздік ережелерінің сақталуына ерекше мән беру керек екенін атап өтті.

Ал, отырыстан соң журналистердің сауалдарына жауап берген Ішкі істер министрі өрттің нақты себебі әлі белгілі болмағанын жеткізді. Сондай-ақ, қылмыстық іс ата-ана үстінен емес, тек оқиға фактісі бойынша ғана қозғалғанын айтты.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

- Жоқ, қылмыстық іс оқиға бойынша қозғалды. Өйткені өрттің себебін анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізу керек. Бұл ата-аналық міндеттемесіне қатысты емес.

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу