Қазақстан Қазынашылығының құрылғанына – 25 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Қазынашылығының құрылғанына – 25 жыл

01.02.2019

Осы мерейлі датаға орай Қаржы министрлігі салатанатты жиын өткізіп, бұл саланың ширек ғасырда атқарған істерін атап өтті. 1994 жылы мемлекеттік қаржыны тиімді басқару үшін ашылған еліміздің Қазынашылығы талай реформадан өтті. Қазір Қазақстан Қазынашылығының ақпараттық жүйесі ең тиімді және киберлік қорғаныс жоғары ведомстволардың бірі болып саналады. Оның ақпараттық жүйесі 13 мың мемлекеттік мекемеге, 5 мыңнан астам шотқа және 3,5 мыңдай жеке пайдаланушыға онлайн режимде қызмет көрсетіп келеді. Қазынашылық органдарының облыстық, қалалық және аудандық басқармаларында жалпы алғанда 3 мыңнан астам қызметші еңбек етеді.

Берік Шолпанқұлов, ҚР Қаржы министрінің орынбасары:

- Мемлекет қаражатын тиімді, мақсатты басқаруға зор үлес қосып келеді. Бүгінде Қазынашылықтың қазақстандық өзіндік моделі қалыптасқан. Қазынашылықтың ақпараттық жүйесі халықаралық сарапшылардың жоғары бағасына ие болды.

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу