Қызылордалық мемқызметшілердің артық жұмысы азайған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордалық мемқызметшілердің артық жұмысы азайған

01.02.2019

Қызылордада мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақытта кабинетте отыруы 15 пайызға азайған. Былтыр қыркүйек айында рейдтік тексеру жүргізілген. Сол кезде мемлекеттік қызметшілердің 791 сағат артық еңбек еткендігі анықталған. Соған орай облыстық Мемлекеттік қызмет істері департаменті аймақтағы 24 жергілікті және аумақтық мекемелердің компьютерлеріне «Force Shutdown» бағдарламасын орнатты. Жұмыс аяқталған уақытта компьютер автоматты түрде өшеді. Қазір қызметшілер бос уақытын тиімді пайдаланып жүр. Отбасына көңіл бөледі, оқу курстарына қатысады.

Әлішер Амангелдиев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы:

- Қазан айында 240 сағат, қараша айында 156 сағат және желтоқсан айында 53 сағат артық жұмыс жасаған. 3 ай ішінде артық жұмыс істеу фактілері 15 есеге азайып отыр.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу