Еліміз бойынша әскердегі әлімжеттік өткен жылы 9 пайызға азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміз бойынша әскердегі әлімжеттік өткен жылы 9 пайызға азайды

01.02.2019

Бұл туралы Қорғаныс вице-министрі Орталық коммуникациялар қызметінде мәлімдеді. Өткен жылды қорытындылаған ведомство өкілі көрсеткіштер жақсы екенін жеткізді. Былтыр жауынгерлік даярлық бойынша 100-ден астам, оқ атудан 1300-дей шара ұйымдастырылған. Жүздеген тактикалық оқу-жаттығулар да өтті. «Республикалық және халықаралық іс-шаралар әскерилердің қорғаныстық қабілетін арттырып қана қоймай, олардың қызметіне деген құрметін оятты», - дейді вице-министр. Ал, әскердегі әлімжеттікті азайту үшін Қорғаныс министрлігі кешенді шараларға кірісіп отыр.

Талғат Мұхтаров, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

- Жаңа «Намыс» кодексімен жұмыс істеп жатырмыз. Сонымен қатар, әскери қызметшілердің қызметке деген материалдық қаржыландыруды талап етпейтін стимулдарын іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу