Биыл Ауған жеріндегі ұрыс даласынан Кеңес әскерінің шығарылғанына - 30 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Ауған жеріндегі ұрыс даласынан Кеңес әскерінің шығарылғанына - 30 жыл

31.01.2019

Биыл Ауған жеріндегі ұрыс даласынан Кеңес әскерінің шығарылғанына биыл - 30 жыл. Осыған орай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ауған соғысының ардагерлері алматылық оқушылармен кездесті.

Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыратын тағылымды шарада оларға ардагерлер бастарынан өткен қиын кезеңді, есте қалған сәттерін әңгімеледі. Сондай-ақ, соғыс жылдарындағы сарбаздардың ерлігі мен жау əскерлерінің қақтығыстары бейнеленген фильм көрсетілді. Ал, шәкірттер жауынгерлерге арналған отты жырларын оқып, жастарға патриотизмнің озық үлгісін көрсетіп жүрген ержүрек азаматтарға ерекше сый-құрмет көрсетті. Айта кетейік, бүгінде «Абырой» Ауған соғысы ардагерлері одағының мүшелері мегаполистегі жетім әрі әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына әркезде көмек көрсетіп, игілікті іс жасаумен келеді. 

Әли Нариманұлы, «Абырой» ауған соғысы ардагерлері одағының төрағасы:

- Ауғанстан жерінен 30 жыл бұрын әскерлердің шығарылуы аяқталды. Осының арқасында көптеген сарбаздар, офицерлеріміз аман қалды. Сол себептен, бұл мереке Ауған соғысы ардагерлері үшін өте қуанышты мереке деп есептейміз.

Алмат ӘБДІРАМАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу