Бүгін Астанадағы №30 мектепте Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған шексіз оқу аймағы ашылды. Яғни, шағын кітапхана бұрышы. Арнайы шақырылған Димаштың ата-анасы, оқу аймағының лентасын қиып, салтанатты түрде ашып берді.
Оқу залына мыңнан астам кітап қойылған. Қазақ, орыс және дүниежүзі әдебиеттері топтастырылған. Қазақ, орыс, ағылшын, тіпті қытай тілдеріндегі шығармалар, әртүрлі жанрды қамтиды. Кәтаптардың басым бөлігі – сый-сыяпаттан құралған, яғни, Димаштың жанкүйерлерінен жиналыпты. «Мұндай оқу аймағын Димаштың атымен ашудағы мақсат – Димашты жастарға үлгі ету, мотивация беру, биікке жетелеу және жетістікке жеткізу», - дейді ұйымдастырушылар.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.