Ішкі істер министрлігі жасөспірімдер ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын жедел шақырту жөнінде Білім және ғылым министрлігіне ұсыныс енгізді. Ол бойынша ата-аналарды, оқу орындарының оқытушыларын жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында қарқынды жұмыс жүргізуге шақырады. «Жеткіншектердің мектеп қабырғасында жүріп жасаған бір ғана теріс қылығы оның өміріне қара дақ болып түсетінін жетесіне жеткізіп түсіндіру керек», - дейді мамандар.
Жалпы, өткен жылы 8 мыңнан астам жеткіншектің үстінен іс қозғалған. Оның 5102-сі әкімшілік құқықбұзушылық бойынша жазаланған. 3156 бала қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қылмыс жасағандардың 400-ге жуығы - 18-ге толмаған жасөспірімдер. Бас прокуратураның берген мәліметіне сүйенсек, бұзақылық әрекетке барғандардың көбі Алматыдан. Онда қылмыстық оқиға бойынша 1089 жеткіншек тіркелген. Астанада – 902, Шығыс Қазақстан облысында - 877, Павлодарда - 298, Қостанайда – 230, Қарағандыда – 228, Түркістанда 150 жасөспірім қылмыс жасаған.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.