Жастардың IT лагері ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастардың IT лагері ашылады

25.01.2019

Қазақстанда тұңғыш рет жастар IT лагері жұмысын бастайды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында «Самұрық-Қазына траст» қорының өкілдері мәлімдеді. Жаңа бастама мүмкіндігі шектеулі жастардың компьютерлік технология бағытындағы біліктілігін дамытуға бағытталады. Пилоттық жоба аясында еліміздің барлық өңірінен 16 адам іріктеліп алынады. Қатысушылар бағдарламалау, көшбасшылық және кәсікерлік негіздерін үйренеді. Лагерь барысында әлеуметтік саланы қолдаған жоспарлар құрылып, оның негізі жасалады. Осының арқасында мүмкіндігі шектеулі азаматтар жұмысқа орналасау, өз ісін бастау мүмкіндіктеріне ие болмақ. 

Нариман Мұқышев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:

- Осы сияқты басқа да жобаларды қолдаймыз. Қазақстанда цифрлық технологиялар арқылы мүмкіндігі шектеулі адамдарға жұмыс беру өте маңызды.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу