Тұтынушылар құқығы қорғалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұтынушылар құқығы қорғалады

24.01.2019

Өткен жылы Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі 70 мың түрлі өнімнен сынама алған. Нәтижесінде 10 мыңға жуық өнім тиісті талаптарға сай болмай шыққан. Бұл туралы аталған комитеттің төрағасы Жандарбек Бекшин айтты. Бүгін «Нұр Отанда» тұтынушылар құқығын қорғау мәселесі талқыланды. Белгілісі, талапқа сай келмейтін азық-түлік өнімдерінің жартысынан көбі – Ресей тауарлары. Мұндай фактілер бойынша 900-ге жуық әкімшілік іс қозғалған. Партияның қоғамдық кеңесі тұтынушылар құқығын қорғау мәселесін мемлекеттік органдар құқықтық тұрғыдан реттеу керектігін айтты.

Рустам Ахметов, ҚР ҰЭ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары:

- Қазір бізде 172 тұтынушылар құқығын қорғайтын ұйым бар. Олардың тек 50 шақтысы жұмыс істейді. Қазір Үкімет деңгейінде заңға өзгеріс енгізу талқыланып жатыр. Ол бойынша олардың барлығын біріктіріп, қауымдастық құру көзделуде. Сонда тұтынушылар құқығын қорғайтын ірі қоғамдық ұйым пайда болады.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу