Әлемде әр секунд сайын 2,7 миллион электрондық хат жіберіліп отырады. Әр секунд сайын «Youtube» желісінен 75 мың видео қаралады. Сондай-ақ, адамдар миллиондаған ақпаратпен алмасып отырады. Осы ретте, цифрландыруға көшіп, күнделікті онлайн өмірімізді қауіпсіздендіру маңызды. Бұл туралы Назарбаев Университетінде өткен Халықаралық банк өкілдерімен кездесуде айтылды. Сарапшылардың айтуынша, әлі күнге дейін ақпараттардың 90 пайызға жуығы тиімсіз пайдаланылады. Мәселен, банк секторында үлкен деректер арқылы клиент өз қарызын уақытылы өтей алады. Осыдан бес жыл бұрын әлемдегі ақпарат көлемі 2,8 зетабайт болса, 2020 жылға қарай адамзат жасаған контенттің көлемі 40 зетабайтқа жетеді деген болжам бар.
Анимеш Шривастава, Халықаралық банктің Табиғи ресурстарды басқару және бәсекеге қабілеттілікті арттыру жобасының жетекшісі:
- Әлемде «Big Data» деген термин қалыптасты. Өмірімізге, күнделікті атқаратын ізімізге қатты әсер ететін электрондық ақпараттар желісін «Big Data» деп атаймыз. Дүниежүзілік компаниялар оны бизнеске айналдырып отыр. Халықаралық банктің өкілі ретінде, «Big Data»-ның мемлекеттік саясатты жүргізуде, ел экономикасын дамытуда алатын рөлін жақсы түсінемін. Сондықтан, Назарбаев Университетіне келіп, баяндамалар жасап жатырмыз.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.