Онда өңір басшысы мен жастар ай сайын кездесіп, тың жобаларды жүзеге асырудың жолдарын талқылайды. Бұл өз кезегінде бизнесті дамытуға серпін береді. Қауымдастықты құру жөніндегі идея жастардікі. Бұған қоса олар Каспий теңізінің жағасында «Жас кәсіпкерлер аллеясын» ашуды сұрады. Онда қолөнер шеберлерінің туындыларын қойып, жағалауды туристік орынға айналдыру көзделіп отыр. Бизнес жобасы бар қыз-жігіттерге өңірде қолдау бар. Былтыр 85 жас «Бастау» жобасы арқылы кәсіп ашқан. 13 кәсіпкер 4 пайыздық несие алып, ісін өркендетті. Тағы 52 жас 6 пайыздық несиемен ауыл шаруашылығына қатысты жобаларын жүзеге асыруда.
Сәкен Қаржаубаев, кәсіпкер:
- Бұл басқосу бізге өте пайдалы болды. Бір-бірімізді тани бастадық. Ертең бірге жұмысты бастаймыз.
Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.