Бұдан былай қара және түсті металдардың қалдықтары сыртқа шығарылмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бұдан былай қара және түсті металдардың қалдықтары сыртқа шығарылмайды

17.01.2019

Сынық металл да сыртқа шықпайды. Бұдан былай қара және түсті металлдардың қалдықтары шекара асырылмайды. Бұл туралы бүгін Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері мәлімдеді.

Мәліметке сай, жер байлығымыз ел аумағынан Ресей, Қырғыстан мемлекеттеріне тонналап кетіп жатыр. Бір жылда шамамен 30 млрд. теңгеге шығын келген. Осы ретте қаңтардың 16-нан бастап Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше елдер мен Қазақстан шекарасындағы 37 автомобиль өткізу пунктіне Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері тұрақты түрде бақылау жүргізбек. Арнайы жасақталған 300-ге жуық адам экспорттан бөлек, импорттық тауарлар ағымын да қадағаламақ. 

Олжас Отар, ҚР ҚМ МКК Жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы:

- ЕАЭО тауарларды сату бойынша құн салығына байланысты мониторингті жүзеге асырады. 37 автобекетте ҰҚҚ шекара қызметкерлерімен бірге біздің Кірістер комитетінің қызметкерлері тұрады.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу