«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер арасында сауалнама жүргізуді бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер арасында сауалнама жүргізуді бастайды

17.01.2019

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер арасында сауалнама жүргізуді бастайды. Сауаланама аясында ірілі-ұсақты 7 миллион бизнес өкілі түгел қамтылмақ. Бұл туралы палата басшылығы хабаралады.

Сауалнамада жаңадан құрылған «Атамекен сервис» порталы мен мобильді қосымшасының мүмкіндіктері таныстырылады және кәсіпкерлер базасы жаңартылады. Аталған қосымшада несие алуға, бизнес бойынша білімін жетілдіруге тапсырыс беріп, құқықтық көмек алуға болады. Сауалнама екі кезеңнен жүреді. Біріншісінде базада бар кәсіпкерлермен телефон арқылы тілдессе, екінші кезеңде жаңа бизнес субъектілерін жаяу аралайды. Сауалнамадан жиналған ұсыныс-тілектер жүйеленіп, мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге жіберіледі.

Эльдар Жұмағазиев, ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары:

- Кәсіпкерлердің телефонына SMS келіп түседі. Бүгін сауалнаманы бастап жатырмыз. Сіздерге біздің Сall-center телефон шалады. Сұрақтарға жауап бересіздер, төрт сұрақ бар. Бізбен тікелей байланыс орнату үшін «Atameken Services» қосымшасын  жүктеп алыңыздар.  

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу