Астанада мұздан жасалған 14 жаңа мүсін пайда болды. Олардың барлығы халықаралық шеберлер жарысына қатысушылардың қолынан шыққан. Бар-жоғы 4 күнде жасалған туындылар енді көктемге дейін саябақта демалушыларды қуантатын болады. Байқау қорытындысы бойынша 14 команданың ішінен гран-приді Ақмола облысынан келген «Степняки» командасы жеңіп алды. 1-орын Қытайдан келген «Харбин» командасында. Екінші орынға «Астана Айс мастер» жайғасса, қола жүлде жарыс қонақтары «Гонконг» тобына бұйырды. Жұмыстарға баға берген қазылар алқасының құрамында Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының, БАҚ және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері болды.
Джан Кыжа, мүсінші:
- Бұл жарысқа үлкен дайындықпен келдім. Бірақ, мақсатым жеңіп шығу, бірінші орын алу болған жоқ. Қазақстандық әріптестеріммен байланыс орнатқым келді. Олардың жұмыс істеу стилін, техникасын көргім келді. Танысып, тәжірибе алмастық. Барлық шеберлердің жұмысын көрдім. Өте керемет.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.