Шоқыну мерекесінде суға түсу ережесін сақтаған жөн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шоқыну мерекесінде суға түсу ережесін сақтаған жөн

16.01.2019

Төтенше жағдайлар қызметкерлері православтық мерекеге орай күшейтілген режимдегі жұмысқа дайындықты бастап кетті. Сақылдаған сары аязда суға түсіп, денесін шынықтыратындар үшін қауіп те бар. Денедегі температураның күрт өзгеруінен сіңірлердің тартылуы, қан тамырлары тарылып, жүрек соқпай қалуы мүмкін. Сондықтан, мамандар суға түспес бұрын денені қыздырып, жаттығу жасауға кеңес береді. Арнайы дайындалмаған жерде шомылуға, суға баспен секіруге, ішімдік ішіп алып түсуге тыйым салынады.

Былтыр Астана қаласында 25 мың адам суға шомылған. Бұл сан жыл сайын өсіп келеді. «Сондықтан, әр адам өзінің қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлгені абзал», дейді мамандар.

Ельдор Райымбеков, Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлім бастығы:

- Жергілікті әкімдікпен бірігіп, арнайы дайындалып, қауіпсіздік жағы қарастырылды. Сонымен бірге, департамент қызметкерлері осы мерекенің алдында халыққа ақпараттандыру қағаздарын берді.

Оңғар АЛПЫСБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу