Германия әуежайларындағы көтерілістерге байланысты Қазақстаннан Германияға сапарлайтын рейстер тоқтатылды. Атап айтсақ, «Астана-Франкфурт-Астана» бағытында қатынас доғарылды. Осылайша, жолаушылар билеттерін басқа күнге тегін ауыстырып жатыр. Мұндай келеңсіздіктерге Германияның 8 әуежайындағы 23 мың қызметкердің жұмысқа шықпай, шерулетуі себеп. Соның салдарынан Франкфурт аэропортынан 470 рейс кейінге қалдырылды. Әуе саласының қызметкерлері жалақы жоғарылатуын талап етіп отыр. Наразылық акциясының қашан аяқталатыны және әуе байланысының қашан ретке келетіні әзірге белгісіз.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.