Алматы-Қапшағай тасжолында ірі жол апаты болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы-Қапшағай тасжолында ірі жол апаты болды

10.01.2019

Алматы-Қапшағай тасжолында 31 көлік соғысты. Ірі жол апатының салдарынан 5 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Оқиға бүгін таңертең Алматы-Өскемен тасжолының 20-шы шақырымында болған. Алдын ала болжам бойынша, апатқа қалың тұман мен көктайғақ себеп. Соның кесірінен қаз-қатар келе жатқан көліктер тоқтай алмай, бір-біріне соғысқан. Сондықтан, полицейлер жол үстіндегі жүргізушілерге жылдамдықты асырмай, барынша абай болуды ескертті.

Серік Үпиев, облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің өкілі:

- Оқиға орнында жол-патрульдік полиция қызметкерлері тиісті жұмыстарын атқаруда. Қазіргі таңда көлік қозғалысы өз қалпына келтірілді.

Аманкелді СЕЙІТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу