Қауіпті аймақтан отандастарымыздың аман-есен елге оралуын бұқара сүйіншілеп, әлеуметтік желілерде де қуанышты жаңалықпен бөлісіп жатыр. Сарапшылар мен саясаткерлер бұл операцияны орындау оңай шаруа емес екенін атап өтті. Сондай-ақ, Елбасының соғыс ошағында қалған өзге де қазақстандықтарға қолұшын созуға уәде еткеніне ризашылығын білдіруде.
1. Жетім мен жесірге қолұшын беру, сыртта қалдырмау ежелден келе жатқан дәстүріміз. Үлкен сауапты шаруа болыпты.
2. Залымның сөзіне сеніп Дамашық жеріне барған, содан содырлардың тұтқынында отырған азаматтарды Елбасы бүгін кінәсіздер деп айтты. Құтқару операциясының аты да қандай әдемі еді. Жусан!
3. Бұл қандай ауқымды жұмыс екенін елестетіп көріңіз. Бірнеше аймақтан ұшып, бағытты басқа елдермен келісіп, соғыс болып жатқан елден әйелдер мен балаларды елге әкелу. Мұның бәрі - біздің дипломаттар, әскерилер мен арнайы қызметтердің еңбегі.
Альбина ӘШІМ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.