Қазақстанда аяз қайта күшейеді
Алдағы күндері сарышұнақ аяз қазақстандықтарды қайта қыспаққа алмақ. Бұл туралы «Қазгидромет» өкілдері хабарлады. Атап айтар болсақ, Қазақстанның бас қаласы Астанада -30 градусқа дейін суытады.
Жалпы, солтүстік және орталық облыстарда түнде ауа температурасы -28, -35 градусқа дейін төмендейді және қар жаууы ықтимал. 11 қаңтарда, әсіресе, Қазақстанның шығыс аймағында ауа температурасы күрт төмендеп, түнде 30-37 градусқа дейін аяз болады. Орталық Азия аумағынан жылжыған циклон елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына жаңбыр мен қар әкеледі. Соған байланысты көктайғақ болып, тұман түседі. Батыс облыстарда аздаған аяздан кейін күн жылынып, көктайғақ болуы мүмкін.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
