Алдағы үш күнде сарышұнақ аяз қазақстандықтарды қайта қыспаққа алмақ. Бұл туралы «Қазгидромет» өкілдері хабарлады. Атап айтар болсақ, Қазақстанның бас қаласы Астанада -30 градусқа дейін суытады. Жалпы, солтүстік және орталық облыстарында түнде ауа температурасы 28-35 градусқа дейін төмендейді және қар жаууы ықтимал. 11 қаңтарда әсіресе, Қазақстанның шығыс аймағында ауа температурасы күрт төмендеп, түнде 30-37 градусқа дейін аяз болады. Орта Азия аумағынан жылжыған циклон елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына жаңбыр мен қар әкеледі. Соған байланысты көктайғақ болып, тұман түседі. Батыс облыстарда болса, аздаған аяздан кейін күн жылынып, көктайғақ болуы мүмкін.
Жұлдыз Исабекова, «Қазгидромет» РМК жетекші инженер-синоптигі:
- Антициклон әсері болғандықтан, аяз күшейе түседі. Түнгі сағаттарда 27-38 градус аяз болады. Бұл аяз 10-11 қаңтарда 2 күн байқалады. 12 қаңтарда аяз бәсеңдейді.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.