Сириядан 47 қазақ елге оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сириядан 47 қазақ елге оралды

09.01.2019

Соғыс оты сөнбеген Сириядан отандастарымыз елге оралды. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтің тікелей тапсырмасымен жасалған «Жусан» гуманитарлық операциясының нәтижесінде 47 қандасымыз туған жерге аяқ басты. Олардың отызы 1 мен 5 жас аралығындағы балалар болса, 11-і - әйелдер.  

5 қаңтар Ақтау халықаралық әуежайы. Қазақ сарбаздары әскери ұшақпен маңызды тапсырманы орындауға сақадай сай тұр. Төрткүл дүние көз тіккен Cирияға бару әлі де қауіпті. Бас-басына би болған терhорлық ұйымдардың үні өшкен емес. Дейтұрғанмен, бір кездері діни сауатсыздықтан ел асқан қандастарымыз көмекке зәру еді. Ал, оларды сыртта қалдыру, бізге тән қасиет емес.

Адасқан қандастарымыздың сілесі қатып, әбден тозғанын мына кадрлардан аңғаруға болады. Әсіресе, әкелерінен айырылған кішкентай сәбилердің көрген бейнетін бейнелеу қиынға соқты. Қазақ әскерилері бүлдіршіндерді бауырларына басып, қамқорлық танытты. Сәбилер де көмектің келгенін сезетін сияқты.

Гуманитарлық операция барысында 47 қазақ елге оралды. Олардың дені - балалар. Туған жерге табандары тиген қандастарымыздың қуанышында шек жоқ. Ал, Президент гуманитарлық операция жайлы бастама жасамағанда, қандастарымыздың тағыдыры не боларын кім білсін?!

Дулат НУРКИН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу