Қызылордада 3 аптадан бері екі азамат іздестіріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада 3 аптадан бері екі азамат іздестіріліп жатыр

09.01.2019

Сырдария ауданының тұрғындары 17 желтоқсан күні балық аулауға кеткен. Содан оралмаған. Алдын ала болжам бойынша, олардың көлігі көпірден өтіп бара жатып, өзенге құлаған. Мұз жарылып, автокөлік суға кеткен. Құтқарушылар техниканы судан алып шықты, бірақ, адамдардың денесі әлі күнге дейін табылмай жатыр. Қазір су астында іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы, өңірде өткен жылы осындай 7 оқиға тіркелген. 

Бақыт Ембергенов, Оңтүстік өңірлік Аэромобиль жедел құтқару жасағының басшысы:

- Арал ауданында жақында УАЗ автокөлігі 3 азаматпен суға кетіп, 2-уі судан жүзіп шыққан. 1-еуі көлікте қалып қойған.  

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу