Астананы дамытудың стратегиялық жоспары бекиді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астананы дамытудың стратегиялық жоспары бекиді

09.01.2019

Астана қаласын дамытудың 2035 жылға дейінгі стратегиялық жоспары жасақталуда. Бұл туралы бүгін әкімдік активінің жиынында қала әкімі Бақыт Сұлтанов айтты. «Жаңа жоспар бюрократиялық құжат емес, астаналықтардың пікірі қамтылған нақты іс-шаралар тізбегі болады», - деді Астана әкімі. Онда ең алдымен адами капитал, қала экономикасын дамыту және қала құрылысын жаңаша жоспарлауға басымдық берілмек. Бұдан бөлек, Бас даму жоспарына сай қаланы газдандыру мен жаңа білім, денсаулық және мәдениет мекемелерін салу жалғасады. 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу