Қостанайлық фермерлер тұқымға субсидия төлеудің жаңа тәртібін тиімсіз деп есептейді. Себебі, элиталық тұқымдар сататын ғылыми институттармен келісімді былтыр жасағандар мемлекеттік қолдаудан қағылуы мүмкін. Субсидия тұқым өсіру шаруашылықтарымен биылғы жылдың 1 қаңтарынан келісімшартқа отырғандарға төленеді. Мұның сыртында жалпы субсидия көлемі өте төмен. Аталған мәселе Қостанайдағы Қазақстан фермерлер одағының жиналысында көтерілді. Келесі айда республикалық съезд өтеді. Салаға қатысты барлық түйткілдер сол жерде жан-жақты талқыланады.
Әуезхан Дарынов, Қазақстан фермерлер одағының президенті:
- Біздің қасымыздағы Ресей, Қытай, Беларусьте субсидия көлемі 18-20 пайыз. Ал, бізде 10 пайызға жетпейді. Егер біз субсидияны бермей қалсақ, шетелдің тауары ішкі нарықты түгел жаулап алады.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.