Елімізде мектептердегі тіс емдеу орындары жеткіліксіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде мектептердегі тіс емдеу орындары жеткіліксіз

09.01.2019

Елімізде қазір стоматологиялық кабинеттер оқушы саны 800-ден асатын мектептерде ғана бар. Бұл Қазақстандағы барлық мектеп оқушыларының 3,1-ін ғана қамтиды. Осылай деген Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай Денсаулық сақтау министрінің атына сауал жолдады. Жалпы, қазір 2818 стоматологиялық ұйым бар. Оның 1 мыңнан астамы мемлекеттік меншік нысанында. 12-сі ғана балалар емханасы екен. Былтыр Таразда, Оралда және Астанада балалардың стамотологиялық емханалары жекешелендірілді. Жыл сайын қаражат бөлінгенімен, статистика көңіл көншітпейді.  Депутат «жылжымалы тіс стомотологияларын ашу керек», дейді.

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу