Айыппұлдар мен көлік салығы өседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айыппұлдар мен көлік салығы өседі

03.01.2019

Айыппұл мен көлік салығы қымбаттайды. Себебі, жаңа жылдан бастап айлық есептік көрсеткіш мөлшері 120 теңгеге өсіп, 2 525 теңге болып бекіді. Осыған байланысты айыппұлдар мен көлік салығы қымбаттайды. Мысалы, көліктің жылдамдығын сағатына 10 шақырымнан 20 шақырымға дейін асырғандар 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Бұл сома былтыр 12 025 теңге болса, биыл 12 625 теңге болды немесе мүгедектерге арналған автотұраққа көлікті қойғандарға айыппұл былтыр 24 050 теңге болса, биыл 25 250 теңгеге өсті. Көлік салығы да айлық есептік көрсеткішпен есептеледі. Сондықтан да, салықтар да өседі. Мысалы, қозғалтқыш көлемі 1500 мың текше сантиметрге дейінгі көліктер былтыр 2 айлық есептік көрсеткіш немесе 4810 теңге төлесе, биылдан бастап 5 050 теңге салық төлейді. Сол сияқты қозғалтқыш көлемі үлкен автокөліктер былтыр 281 385 теңге төлесе, биыл 295 425 теңге салық төлейді. Бұл 117 айлық есептік көрсеткіш. 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу