Шымкентте барлық коммуналдық қызмет түрлерінің тарифтері төмендеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте барлық коммуналдық қызмет түрлерінің тарифтері төмендеді

03.01.2019

Шымкент қаласы бойынша жаңа жылдан бастап барлық коммуналдық қызмет түрлерінің тарифтері төмендеді. Одан бір жылдың ішінде 4 миллиард теңге көлемінде қаржы үнемделмек. Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелістікті және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің жоспардан тыс тексеруі кезінде шаһардағы ең ірі 3 компанияның бағаны негізсіз өсіргені анықталған. Олар тұрғындардан табиғи газ бен жылу үшін белгіленген мөлшерден артық төлем алып келген. Енді олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жалпы, тексеру қорытындысына сәйкес, 12 монополист мекеме коммуналдық қызмет тарифтерін төмендетуге міндеттелді. Қала бойынша ауызсу бағасы 7,5 пайызға, көгілдір отын 5,8 пайызға, электр қуаты 7 пайызға арзандады. Ал, жылудың ақысы үшін шымкенттіктер енді орташа есеппен бұрынғыдан 1 мың теңге аз төлейді. 

Дархан Қайынбердиев, қалалық Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы:

- 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық коммуналдық қызмет түрлеріне тариф төмендейді. Жалпы, тарифтердің төмендеуі 12 табиғи монополия сбуъектілерімен және тұрғын үй субъектілерін қамтып, барлық тұтынушылар үшін үнемделген қаржы 4 миллиард теңге болады.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу