Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығының кеңейтілген отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығының кеңейтілген отырысы өтті

28.12.2018

«Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалада айтылған құндылықтар қоғам өмірінде қалай көрініс табуы тиіс? Бүгін Алматыда «Қазір заман және тарихи өткенді әлеуметтанулық саралау» атты дөңгелек үстел мәжілісі өтті. Жиынға түрлі саладағы аузы дуалы сарапшылар қатысып, өз ой-пікірлерін айтты.

Қазіргі заман және өткен тарихты әлеуметтану арқылы саралау. Бүгінде өзекті тақырыптың бірі. Елбасы мақаласында айтылған құндылықтар жаһандану заманында қалай көрініс табуы тиіс? Дөңгелек үстелге келген әлеуметтанушылар, мәдениеттанушылар, философтар осыған қатысты өз ойларын ортаға салды.

Мәнсия Садырова, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, әлеуметтанушы:

- Әлеуметтік сананы өзгерту бірден болатын жұмыс емес. Қай кезеңде де біз қоғамдық құрылымды бірден өзгерте аламыз. Белгілі бір процестерді бірден шешіммен қабылдата аламыз. Бірақ, соның ішінде соған қатысатын адамдардың санасын өзгерту ұзақмерзімді жұмыс.

Көшпенділер өркениетінің адамзат тарихына қосқан үлесі зор. Ендігі меже - ірі технологиялық жетістіктерді жасауда нақты қадамдар қажет. «Қазір ғылым озған заман», - дейді әлеуметтанушылар.

Меңдігүл Ноғайбаева, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті тарих, археология және этнология факультетінің деканы:

- Ғарыш дамыған кезде, технологиялар дамыған кезде біз осындай өркениеттің иесі ретінде бүгінгі заманның талабына атсалыса аламыз ба, сонымен бірге жүре аламыз ба, бірге жүру ғана емес, содан бір қадам ілгері тағы да сондай жоғары технологиялар беруге қабілетті бола аламыз ба деген сұрақтар ортаға салынуда.

Зарема Шаукенова, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры:

- Елбасының мақаласында жарияланған әр тақырып бойынша әлеуметтанушылар нақты ұсыныстарын айтты. Соның ішінде, жастар тәрбиесі, қоғамды алға жылжытудың негізгі тетіктері дамыту сөз болды.

Тарихи сананы жаңғырту - үздіксіз жүргізілетін іс. Тарих арқылы болашаққа жол салу бұрыннан бар үрдіс. Ал, діңгегі мықты елдің тірегі - дені сау, білімді ұрпақ.

Әсем ҚАБЫЛБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу