Көкшетаудағы мұз қалашығының басты ерекшелігі - танымал әнші Димаш Құдайбергеновтің мүсіні. Жергілікті мүсінші Манарбек Бұрмағановтың мұздан қашаған Димаштың бейнесі көкшеліктердің көзайымына айналды. Көпшілік осы жерде суретке түскенді жөн көреді. Өнер туындысы «Димаш Құдайбергенов - Аққулардың адалдығы» деп аталады.
Әсем Ыбыраева, Көкшетау қаласының тұрғыны:
- Димаш - біздің мақтанышымыз. Сондықтан, Димаштың мүсіні көкшетаулықтар атынан барша Қазақстанға жасалған сыйлық деп есептеймін. Барлық отандастарымызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.
Ермек ЕЛБЕРГЕН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.