Әсіресе, күнделікті тұтынатын тағамның құны шарықтап тұр. Алайда, жергілікті билік баға тұрақты дейді. «Тұрақтандыру қоры арқылы арзан тауар түрлерін көбейтіп, бағаны реттейміз» деп уәде етіп отыр.
Қазір қанттың келісі 300, күріш 290 теңгеден сатылса, бір дана жұмыртқаның бағасы 32 теңгеге жеткен. Көкөніс те қымбат.
Әкімшілік азық-түлік бағасының өскенін біліп отыр. Айтуларынша, бұл - қолдан жасалған қымбатшылық. Сондықтан, сауда орындарын тексеріп, негізсіз бағаны шарықтатып жібергендерді жазаламақ. Ал, бағаны реттеу үшін тұрақтандыру қорындағы өнімдерді дүкен сөрелеріне шығармақ.
Данияр Шәкәрімов, қалалық кәсіпкерлік бөлім жетекшісінің міндетін атқарушы:
- 26 желтоқсанға дейін тұрақтандыру қорынан 83 тонна жеміс, көкөніс өнімдері сатылды. Олардың ішінде картоп - 29 тонна, орамжапырақ – 134, сәбіз – 9 және сарымсақ - 10 тонна. Көтерме саудамен айналысатындар бағаны көтерісімен, тұрақтандыру қоры толыққанды жұмыс жасайды. Алдымызда әлі қаңтар, ақпан айлары бар.
Әкімшілік тұрақтандыру қорының өнімдерін сату үшін 43 сауда орнымен келісімге келген. Қазір олардың жартысы жұмысын бастады. Сонымен қатар, қоймадағы көкөністер қаладағы жәрмеңкелерге шығарылмақ. «Бағасы 240 теңгеден 340 тонна қант та дайын», дейді мамандар.
Ержан ЖАҚЫП
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.