Семейде медицина қызметкерлері ұжымдық кештерден бас тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде медицина қызметкерлері ұжымдық кештерден бас тартты

26.12.2018

Семейде медицина қызметкерлері ұжымдық кештерден бас тартып, оның орнына ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға сыйлық жасауды ұйғарған. «Балаларға сыйлық» акциясын өткізу туралы идеяны қаладағы барлық ақ халаттылар қолдады. Алғашқы мерекелік кешті шаһардағы сәбилер үйінде ұйымдастырды. 60-тан аса бүлдіршін тәрбиеленіп жатқан мекемеге дәрігерлер ертегі кейіпкерлері бейнесінде келіп, сыйлықтар мен тәттілерді таратты. Жәудіркөз балғындарға арналған мерекелік кештер басқа әлеуметтік мекемелерде де жалғасын таппақ.

Сымбат Әбдікәрімова, Мамандандырылған сәбилер үйінің дәрігері:

- Жаңа жыл болғандықтан, қалалық Денсаулық сақтау бөлімінің мамандары  нағыз мереке сыйлау үшін келді. Қоғамдағы түрлі мәселелерге саналы түрде қарамайтын адамдар көп болғаны өте жақсы. Осындай мейірімді істер жиі қолға алынған сайын, біздің сәбилеріміз де бақытты бола  түсетіндігі анық. 

Ержан ЖАҚЫП

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу