1 қаңтардан бастап тіркелмеген абоненттік құрылғылар жаппай байланыстан ажыратылмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 қаңтардан бастап тіркелмеген абоненттік құрылғылар жаппай байланыстан ажыратылмайды

26.12.2018

1 қаңтардан бастап тіркелмеген абоненттік құрылғылар жаппай байланыстан ажыратылмайды. Бірақ, құрылғы иесі белгілі бір қиындықтарға тап болуы әбден мүмкін. Себебі, 1998-2000 жылдары көпшілігінің SIM картасы ұйымның немесе диллердің атына рәсімделді. Енді сол нөмірлер істен шыққан жағдайда байланыс операторлары тұтынушыға ешқандай көмек көрсете алмайды. Өйткені, мамандар тек жеке сәйкестендіру дерекқорына енгізілген мәліметпен жұмыс істейді. Сондай-ақ, жалған ақпарат беріп, телефонды біреудің атына тіркеуге де тыйым салынады. Бұл заңсыз әрекет күдік тудырады. Жалпы, бұл шаралардың барлығы ұрлық және экстремизм мен терроризмге қарсы жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін азаматтардың 80% тіркелген. Ол үшін жеңілдетілген шаралар қарастырылды. Яғни IMEI-кодты киви терминалдар, «Қазпочта» бөлімшелері арқылы да тіркеуге болады. 

Аслан Әбжақов, «Kcell» АҚ мемлекеттік органдармен жұмыс істеу сарапшысы:

- Егер де бұл абоненттер қазір шетелде болса, оларға «уатсап», «телеграмм» қосымшаларында арнайы каналдар арқылы нөмірлерін тіркейді.

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу